« Ешкім де ұмытылмайды, Ешнәрсе де ұмыт қалмайды»

  Құрастырушыдан

 

баннер 5ҰОССәкен Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының АББ-і  Ұлы Отан Соғысына қатысқан Жетісулықтардың, Жетісулық батырлардың өмірі мен ерліктеріне арнап, библиографиялық көрсеткіш құрастырып шығарды.

Библиографиялық көрсеткіште Жетісу өлкесінде туып-өскен, осы өлкеден  сұрапыл соғысқа  аттанған жерлестеріміздің, батыр бабаларымыздың қаһарман ерліктері, тағдырлары, әр алуан өмір жолдары туралы әдебиеттер тізімі берілген. Олардың қай-қайсы да Отан алдындағы өз парыздарын қалтқысыз өтеу мақсатында әр қилы жолдан өтті. Біреулер соғыс аяқталғанша майдан төрінде тар жол, тайғақ кешті, атажаумен аяусыз арпалысты. Енді біреулер  қайталанбас  қаһармандық жасап, Отан бақыты үшін жан қиды. Олардың бәрін де  бір мақсат – ел бақытын қорғау мақсаты біріктірді.

Келешек ұрпақтарымыз батыр бабаларын мақтан тұтып айтатындай, Жетісулық батырларымыздың ерліктерін дәріптеу мақсатында  оқырман қауымға арнап осы көрсеткішті  ұсынып отырмыз.

Библиографиялық көрсеткіш екі негізгі тарауды құрайды:

  1. Деректемелік материалдар,
  2. Ұлы Отан соғысы батырлары, Жетісулық  батырлар   жайында   баспа бетінде  жарық   көрген     материалдар.

Библиографиялық көрсеткішті құрастыруда АОӘ кітапханасының кітап қоры мен «Өлкетану» атты мәліметтер қоры, анықтамалық – библиографиялық аппараты (каталогтар, картотекалар, анықтамалық – ақпараттық  қор),  ҚР Ұлттық кітап палатасының басылымдары: баспасөз, газет, журнал мақалаларының шежірелері ,  Интернет ресурстар қолданылды.

Көрсеткіш көмекші құралдармен:  есімдер,  басылым аттары көрсеткіштерімен  жабдықталған.

Библиографиялық көрсеткіш кітапхана қызметкерлеріне, Отан тарихына қызығушыларға және жалпы оқырман қауымға арналған.

Реклама

Добавить комментарий

Please log in using one of these methods to post your comment:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s