«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті»

  А л ғ ы   с ө з

 Баннер 7ҰОСҰлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте-бірте алыстап барады. Бірақ,  соншама жыл өтсе де  ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды.

Деректерге сүйенсек, Алматы облысы бойынша, Жетісу өлкесінен сонау сұрапыл соғысқа аттанғандар саны – 120026 адам, оның ішінде қайтыс болғандар – 57459 адам, із-түссіз кеткендер бойынша мерт болғандар – 26600 адам, госпитальда қайтыс болғандары – 4633 адам, тұтқында қайтыс болғандар – 470 адам.

Алматы облысы бойынша із-түссіз жоғалғандар – 25760 адам. Қайтарылмас жоғалтулар: 1941 жылдары – 3917 адам, 1942          жылдары – 10373 адам, 1943 жылы – 9979 адам, 1944 жылдары – 7795 адам, 1945 жылдары- 4391 адам, мерт болған мерзімі белгісіз – 21010 адам болғандығы деректерден көреміз

Отан қорғаудағы ерен ерліктерімен көзге түскен жетісулық 53 жауынгер Кеңес Одағының батыры  атағына ие болса, жауынгерлік «Даңқ» орденінің толық иегері атанғандары да жеткілікті. Есімдері дүние жүзіне тараған 28 панфиловшы батырлардың тең жартысы Алматы облысынан екендігін де әрдайым мақтанышпен айтамыз.

Батыр бабаларымыздың құрметіне Талдықорған қаласының орталық саяжайында « Мәңгілік алау оты» орнатылған.

Ұлы Жеңіс – халықтар достығының мызғымас бірлігін бейнелейді. Сындарлы жылдарда қазақ пен орыс, украин мен өз­бек, грузин мен беларус, латыш пен әзірбайжан, татар мен баш­құрт, тағы да бас­қа көп ұлтты жауын­герлердің тілі бас­қа болға­ны­мен, тілегі бір, жүзі басқа болға­ны­мен, жүрегі бір екендігінен, жұ­ды­­рықтай жұ­мыл­ды, жауды жең­ді. Сол кез­дегі тыл­да еңбек

еткен әке-шеше­леріміз “бәрі май­­­­дан үшін, бәрі жеңіс үшін” деген ұран­­мен жал­ға­сып, май­дан да­ла­сындағы ерлік пен тылда­ғы жан­­қиярлық Жеңіс туын Бер­лин үстінде жел­біретті

Қазіргі кезде облыста 161 мың­­нан астам зей­неткер бар болса, олардың 1136-сы соғыс ардагерлері. Ардагерлер – кешегі Отан қорғаушылар, еліміздің көркеюіне үлес қосып, ерен еңбегімен соңы­на өшпес із қалдырған жандар. Демек, олардың оқ пен от орта­сын­дағы ерліктері әрдайым ел жадында.

Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Қазақстан Рес­публикасы Ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің 20 жыл­дығына орай құттық­тауында: “Ардагерлеріміздің, аға ұрпақ өкілдеріміздің еңбегін айтып жеткізу қиын. Сіздердің жастық шақтарыңыз Ұлы Отан соғысы­ның сұрапыл кезеңімен қатар келді. Сіздер бүлінген шаруа­шы­лық­тарды қалпына келтір­діңіз­дер, күйзелген елдің еңсе­сін қай­та тіктедіңіздер, Сіздер өз иық­тары­ңызға түскен ауырт­па­лықтың бәрін абыроймен жеңе білдіңіз­дер”  деген болатын.

Кітапханамыздағы ардагерлермен жүздесулердің өске­лең ұрпаққа берері мол. Олар есте­лік айтып, қанды қырғын­дағы бастан кешкендерін шынайы әңгімелейді. Жастар ел басына күн туған шақта қайсар­лық көрсетіп, елімізді қорғаған­дардың ерлік­тері туралы әңгіме­леріне тебірене құлақ түреді. Мұның өзі бүгінгі ұрпақтың бойындағы елжанды­лық қасиеттің кеңінен өрістеуі­не жол ашатыны анық.

Біз батыр бабаларымыздың ерліктерін ұмытуға тиіс емеспіз, дәріптеу, еске алу, құрметтеу  —   біздің  ұрпақтың  борышы.  Олардың қасиетті жолын қастерлеп, оны лайықты түрде жалғастыруға тиіспіз.

Реклама

Добавить комментарий

Please log in using one of these methods to post your comment:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s