Кітап тұсаукесері

tusaukeser    2015 жылы мамыр айының 8 күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық  әмбебап кітапханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген  «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс», «Жетісудың жеңімпаз жауынгерлері» атты қос кітаптың тұсаукесері өтті.

tusaukeser3Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұрбаева Маржан Ханқызы тұсаукесер шымылдығын ашса, редакция алқасы мүшелері Ардақ Сыдық,  М.Нұрғалиева, Р.Серғазинова мен Р.Құрманғалиева кітаптың оқырмандарға маңыздылығы жайында сөз қозғады.

tusaukeser4Тұсаукесер рәсімі барысында «Ерліктің өшпес даңқы»  атты кітап көрмесі дайындалып, слайд көрсетілді. Сонымен қатар шараға Ерболат Шалдыбеков, Бейбіт Мұсаев, Келіс Ахметбеков және т.б. Облыстық Сүйінбай атындағы филармония әншілері әннен шашу шашты.

tusaukeser5«Жетісудың жеңімпаз  жауынгерлері» атты кітапта  Ұлы Жеңістің 70 жылдығын  қарсы алғалы отырған жетісулық майдангерлер — 367 ардагердің өмірбаяны енгізілген. Бұл кітап Алматы облысы  әкімінің  қолдауымен, Алматы  облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаевтың төрағалығымен  жұмыс атқарған редакция алқасы мүшелерінің атқарған еңбектерінің нәтижесінде «Төрт бөрі» баспасынан жарыққа шықты .

 «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кітап Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Есдәулетов Рахмет Разбекұлының редакторлығымен Алматы қаласындағы «Әдебиет Әлемі» баспасынан 2015 жылы 800 данамен жарық көрді. Бұл жинақта КСРО құрамында болған республикамыздың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, Алматы облысы тұрғындарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдайы, майдандағы ерліктері  мен тылдағы ерен еңбектері баяндалған.

tusaukeser6 tusaukeser2

Реклама

Добавить комментарий

Please log in using one of these methods to post your comment:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s