«Майдангер аталардың келіндері» Панфилов аудандық кітапханасы

панфилов1«Майдангер аталардың келіндері» атты кездесу кеші Панфилов аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Алтыүй ауылдық кітапханасында өтті. Шараға соғыс ардагерлерінің отбасылары, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысып, Ұлы Отан соғысының жауынгерлерін, Жеңіс жалауының желбіреуіне өз үлестерін қосқан, Жеңістің 70 жылдығын көре алмаған ардақты жерлес майдангерлерді еске алды.
Панфилов2Әр майдангердің келіндері оқырмандарға аталары жайлы естеліктер айтып, адамгершілік қасиеттерін, соғыстан кейінгі жасампаздық еңбегін әңгімеледі. Шараға белсене қатысқан мектеп оқушылары соғыс тақырыбында жазылған Ж.Молдағалиевтың, Қ.Аманжоловтың, Т.Молдағалиевтың өлеңдерін оқып, «Ұлы Жеңіске 70 жыл» тақырыбында жазған шығармаларымен таныстырды. «Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі бойынша библиографиялық дайжест өткізілді.

панфилов3Панфилов аудандық кітапханасы мен «Даңқ» мұражайының ұйымдастырумен «Жас ұрпақтың жүрегінде жаңғырып, ерліктері есте қалар мәңгілік!» атты соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы М.Жанпейсов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мәдениет үйінің әдіскері Ә.Қажаева, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары, ЖГТК студентері қатысты. Соғыс құрбандарынын еске алу үнсіздігінен кейін, кеш қонағы, қарт майдангер Б.Наурызбаев неміс басқыншыларына қарсы қайсарлықпен күрескен жауынгерлерді, еңбек майданында қажырлы еңбек етіп, өмірлері өнеге болған замандастарын еске алып, өзінің өмірі жайлы әсерлі әңгімеледі. ЖГТК студентері өз шығармашылықтарынан Жеңістің 70 жылдық мерей тойына арнаған жыр шумақтарын шашу етті.

Реклама

Добавить комментарий

Please log in using one of these methods to post your comment:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s