«Сыйлаған біздерге нұр таңын, ерлікке бас иер ұрпағың» Кербұлақ аудандық кітапханасы

Кербұлақ1Кербұлақ аудандық кітапханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Сыйлаған біздерге нұр таңын, ерлікке бас иер ұрпағың» атты мерекелік кеш өтті. Отанын қорғаған жауынгердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің еңбегімен келген Ұлы Жеңістің 70 жылдығы Сарыөзек ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жетпісбаев, Сарыөзек ауылының имамы Ә.Байкадамов, Сарыөзек ауылы округінің әйелдер төрайымы А.Муйтунованың қатысуымен өтті. Шараға Тыл ардагерлері, ауыл қарттары, мектеп ұстаздары мен оқушылары, ауыл тұрғындары  қатысып, КСРО құрамында болған Қазақстан азаматтарының ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында неміс фашизіміне қарсы шығып, ерлікпен шайқасқанын бүгінгі ұрпағы мақтанышпен еске алды.

Кербұлақ2Алтынемел ауылдық кітапханасының кітапханашылары «Ер есімі – ел есінде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл  іс-шара барысында еліміздің тарихи жылнамасына екінші дүниежүзілік соғыс деген атпен қалған Ұлы Отан соғысындағы аға ұрпақтың жанқиярлық ерліктері, Жеңістен кейінгі ардагерлердің сұрапыл соғыстың елімізге тигізген орасан қасіреті, соғыс зардабынан кейінгі ел экономиксын орнына келтіруде атқарған еңбектері туралы, Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, қазіргі таңдағы майдан кешен ардагерлерге жасалып жатқан құрметтер жайлы әңгімеленді.

Реклама

Добавить комментарий

Please log in using one of these methods to post your comment:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s