«Сыйлаған біздерге нұр таңын, ерлікке бас иер ұрпағың» Жамбыл аудандық кітапханасы

Жамбыл1  Жамбыл аудандық кітапханасынада Кеңес Одағының Батыры Д.Бабажановты еске алуға арналған «Сыйлаған біздерге нұр таңын, ерлікке бас иер ұрпағың» атты кеш өткізілді. Жауынгер рухын ұлықтауға батыр бабамыздың ұлы М.Дадашұлы қатысып, естеліктерімен бөлісті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жұлдызды 70 күн» атты кітап көрмесінің ашылуының салтанатты рәсімі өткізілді. Кешті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Атагелдиев ашып, Д.Бабажановтың Севастополь қаласы үшін болған сұрапыл шайқаста асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алғандығын мақтанышпен айтты.«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Досмұхамбет батырдың ұрпақтарына, кітапхана ұжымына алғысын білдірді.Кеш барысында мектеп оқушылары өлеңдер оқып, «Кестелі орамал», «Тәуелсіз Қазақстан» әндерін орындады.

Жамбыл2Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай аудандық кітапханада «Бір аудан, бір кітап» акциясы  аясында Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романын насихаттау барысында оқу марафоны басталды.

Жамбыл3 «Ерлігі өшпес батыр бабалар» тақырыбындағы ерлік сағаты Жамбыл ауылдық кітапхана филиалы кітапханашылары мен «Шабыт» қызығушылық клубының бірлесіп ұйымдастыруымен Жамбыл бабамыздың ұлы Алғадайға орнатылған ескерткіштің алдында ауыл жастарының қатысуымен өтті.  Шарада Ұлы Отан соғысының қанды майданынан екі бірдей ұлы оралмаған қарт ақынның қайғысын қайыспай көтергендігі айтылып, майдандағы жауынгерлермен хат арқылы үзбей байланыс жасағаны,  жауынгерлерді жалынды сөздермен жігерлендіргенін атап өтті. Ұлы ақынның халықты серпілтіп, азаматтық ерекше болмысын, ақындығының биік шыңын танытқан елжандылық сезімі мен асқақ рухымен жазылған шығармаларынан үзінділермен қатар 1943 жылы 17 қаңтарда «Социалистік Қазақстан» газетіне жарияланған «Балама хат» атты өлеңі оқылды.

Реклама

Добавить комментарий

Please log in using one of these methods to post your comment:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s