«Ұлы ерлік ұмытылмайды» Қарасай аудандық кітапханасы

Қарасай1Қарасай аудандық кітапханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған «Ұлы ерлік ұмытылмайды» атты Ұлы отан соғысының ардагерлерінің қатысуымен өткен тарихи кеш арнайы дайындалған слайд – фильм көрсетілімімен ашылды.

Кешке Алматы обылысының және Қарасай ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Ұлы отан соғысының ардагері Ү.Тастанбеков, Ұлы Отан соғысының ардагері Ф.Федотов, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Т.Құдайбергенов және Білім беру ісінің үздігі, аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Ш.Қанатқұлқызы қатысты.

Қарасай2Соғыстың от жалынынан өтіп, адамзат қасіретін көзімен көрген, соғыстан кейінгі ауыр тұрмыстың ауыртпалығына мойымай ұрпақ өсіріп, немере — шөбере сүйіп елдің құрметіне бөленген майдангер қарттарымыз кездесу кешінің барысында көздеріне жас алып, жастарға соғыс кезіндегі бастан өткен оқиғаларын баяндап, бейбіт күннің бағасын біліп, елді шексіз сүюге, қаһарман аталарының ізін жалғап, елінің адал азаматтары болуға шақырды.

Кеш барысында ардагер аталармызға арналған әндер айтылып, өлеңдер оқылды. «Туған ел», «Катюша» әндерін әуелете шырқап ардагерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қаскелең мәдениет колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің студенттері соғыс жылдарында майдангер ақындардың қаламынан туған  өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Реклама

Добавить комментарий

Please log in using one of these methods to post your comment:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s